Елдегі кезектен тыс Президент сайлауына 15 күн қалды. Науқан 20-шы қараша, жексенбіде өтеді.
Қазіргі уақытта сайлау алды үгіт-насихат жұмыстары жүруде. Бірақ орталық сайлау комиссиясы шешімімен 19 қараша күні бұл іс толық тоқтайды. Яғни тыныштық күні болмақ.
Жалпы еліміздегі сайлау науқанына 5 үміткер іріктелді. Халық осы 5 адамның ішінен алдағы дауыс беру күнінде өз Президентін таңдамақ.