....

....

бейсенбі, 22 ақпан, 2024 9:36

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Спорт дирекциясы спортшыларға Қытайдың сапасыз аяқ киімі мен рюкзактарын сатып алған

Спорт дирекциясы спортшыларға Қытайдың сапасыз аяқ киімі мен рюкзактарын сатып алған
ашық дереккөзі
Астанада Спорт дирекциясы директорының орынбасары қолға түсті. Спортты дамыту дирекциясы Азия ойындарына қатысуға арналған жабдықтарды сатып алатын қаражатты талан-таражға салған, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Қаржы мониторинг агенттігі елордалық департаменті Туризм және спорт министрлігі жанындағы Спортты дамыту дирекциясының лауазымды тұлғаларына қатысты аса ірі мөлшерде ақша ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

“2022 жылы Қазақстан құрамасының Азия ойындарына қатысуы үшін Қытайда жасалған сапасы өте төмен спорттық аяқ киім мен рюкзактар ​​сатып алынды. Бұл ретте оның құны үш есе көтермеленген. Сонымен қатар, жеткізуші аталған тауардың отандық өнім екені жайлы жалған құжаттарды ұсынған. Салдарынан мемлекетке 383 млн теңге шығын келген”,-деп хабарлайды ҚМА.

Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасының өкілдері бұған дейін берілген жабдықтардың сапасына шағымданып, оны бір реттік деп атаған болатын. Сот санкциясымен Дирекция басшысының орынбасары қамауға алынды.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Ұқсас жаңалықтар