сәрсенбі, 30 қазан, 2024 22:24

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысынан шетелге көшкендер көбейіп келеді

Жамбыл облысынан шетелге көшкендер көбейіп келеді
ашық дереккөзі
Жамбыл облысынан шетелге көшкендер көбейіп келеді
Жыл басынан бері Жамбыл облысынан 92 азамат тұрақты тұру үшін шетелге көшіп кеткен, деп хабарлайды Жамбылинфо ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап. Жамбыл облыстық полиция департаментіне бағынысты көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Жарас Сәтбергеновтың айтуынша, қоныс аударғандардың 42-сі Ресейге, 23-і Қырғыз еліне және 12-сі Германияға көшкен. Өзгелері Әзербайжан, Ұлыбритания, Грекия, Түркия, Өзбекстан, Түркіменстан мемлекеттерін таңдаған. Ал былтыр облыстың 784 тұрғыны ел аумағынан тыс жерге көшуге өтініш берген. Жалпы, ресми мәліметтерге сүйенсек, сыртқа кеткен азаматтардың ең жоғарғы көрсеткіші облыста 1989 жылдан бастап, 1996 жылға дейінгі кезеңде тіркелген. Сол жылдан бастап 2016 жылға дейін бұл көрсеткіш біршама тұрақтаған. Бірақ, соңғы 2-3 жыл көлемінде шекара асып, қоныс аударушылар қатары қайта көбейген. Айта кетейік, бұған дейін біз Жамбыл облысында үш айда 13 азамат ұлтын ауыстыруға өтініш бергенін жазған болатынбыз. Сондай-ақ, жалпы, облыста анықтама деректерін өзгерту үшін 528 адам өтініш білдірген. Оның ішінде 501 азамат тегін ауыстырғысы келсе, 14-і туған күні мен жылын өзгертуді қалаған. 13-і тіпті, өзге ұлт өкілі атанғысы келген.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар