жексенбі, 22 желтоқсан, 2024 22:55

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Абай облысында әскери қызметкердің мәйіті үйінен табылды

Абай облысында әскери қызметкердің мәйіті үйінен табылды
фото - ашық дереккөзден
Болжам бойынша офицер өз-өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін

Абай облысындағы Аягөз гарнизоның әскери қызметкері көз жұмды, деп хабарлайды   Jambylinfo.kz

 Аягөз гарнизоны баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 19 қыркүйекте болған.

«Жұмыстан тыс уақытта Аягөз гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде қызмет ететін офицердің денесі үйінен табылды. Алдын ала ақпарат бойынша офицер өз-өзіне қол жұмсаған. Оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды», — делінген ақпаратта. 

Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы әскери қызметкердің туған-туыстарына көңіл айтты.

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар