Қазақстан
Ерекше көрініс: Тань-Шань қоңыр аюы фототұзаққа түсіп қалды
- авторМағжан Орынбасар
- 21 мамыр, 2025
- 177

Аң түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген
Тань-Шань қоңыр аюы «Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің фототұзағына түсіп қалды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Сирек кездесетін аюдың бұл түрі парк аумағында арнайы орнатылған фототұзаққа сәуір айының соңында бейнеге түсірілген. Тянь-Шань қоңыр аюы Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Соңғы жылдары ұлттық парк аумағында аюлардың саны жыл сайын артып келеді.
Алайда, бұл жануар түрі жыртқыш жануарлар санатына жататындығын ескерген жөн. Сол себепті, ұлттық парк қызметкерлері келушілерге аюлармен кездескен кезде қауіпсіздік шараларын сақтау және жануарларды алаңдататын кез келген әрекеттен аулақ болу маңызды екенін ескертеді.
Келесі мақала
Таразда суару жүйесі кезең-кезеңімен жаңартылуда
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан
Су тасқынына бөлінген 300 млн теңгені жымқырғандар сотталды
- авторМағжан Орынбасар
- 9 маусым, 2025