Қазақстан
Төтеншеліктер дрон арқылы әйел мен баланы құтқарды
- авторМағжан Орынбасар
- 28 сәуір, 2025
- 166

Жоғалғандар медициналық көмекті қажет етпеген
ТЖМ құтқарушылары 3 ұшқышсыз ұшу аппараты арқылы ана мен оның баласын тапты,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz
1982 жылы туған әйел 2015 жылы туған ұлымен бірге БҚО Теректі ауданы Сарыөмір ауылынан Дуан ауылына қарай жеңіл автокөлікпен шығып, бағдарынан айырылып, құтқарушылардан көмек сұраған.
- Іздеу жұмыстары тәуліктің қараңғы уақытымен және өтініш берушімен кенеттен жоғалып кеткен байланыстың себебінен қиындады. Жұмысты жеделдету мақсатында, ТЖМ қосымша күштері мен құралдары, сондай-ақ 3 ұшқышсыз ұшу аппараты іздеуге тартылды. Жұмыла жасалған жұмыс нәтижесінде бала мен оның анасы Теректі ауданы Рыбцех ауылының маңында ақаулы көліктен табылды. Жоғалғандар медициналық көмекке мұқтаж болмай, елді мекенге жеткізілді,- делінген хабарламада.
Келесі мақала
Әдебиеттанушы, ғалым Сейіт Қасқабасов өмірден өтті
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан
Саясаткер Қуаныш Сұлтанов «Отан» орденімен наградталды
- авторМағжан Орынбасар
- 12 мамыр, 2025