Түркістан облысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев кортежінің бағытын тексеру кезінде атыс-қарулары табылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
«Мемлекет басшысының кортежінің Түркістан облысы бойынша жүру бағытын тексеру кезінде Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері ТЖК-мен бірлесіп, атыс қаруының қоймасын анықтады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды», - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта барлық мән-жайды анықтау және күдіктілерді ұстау үшін қажетті жедел іздестіру және тергеу шаралары кешені жүргізілуде.
Еске салайық, 27 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына жұмыс сапарымен барған еді.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз