жексенбі, 1 ақпан, 2026 18:21

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

-30 градусқа дейін аяз күтіледі: Ақпанда ауа райы қандай болады?

-30 градусқа дейін аяз күтіледі: Ақпанда ауа райы қандай болады?
istockphoto.com
Айдың басы мен ортасы ең суық кезең ретінде болжанып отыр: түнгі уақытта ауа температурасы −21…−30°-қа дейін төмендеп, таулы өңірлерде одан да қатты аяз болуы ықтимал.

Ақпан айында Қазақстан аумағында ауа райы құбылмалы болады. Кейбір өңірлерде қатты аяз жалғасса, басқа аймақтарда қысқа мерзімді жылыну байқалуы мүмкін, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Синоптиктердің болжамынша, республиканың көп бөлігінде орташа айлық температура климаттық нормаға қарағанда 1–2 градусқа жоғары болады. Ал оңтүстік-шығыста ауа райы маусымдық көрсеткіштерге сай қалыптасады. Айдың басы мен ортасы ең суық кезең ретінде болжанып отыр: түнгі уақытта ауа температурасы −21…−30°-қа дейін төмендеп, таулы өңірлерде одан да қатты аяз болуы ықтимал. Батыс, солтүстік және орталық аймақтарда күндізгі температура 0° шамасында болса, түнде −28°-қа дейін суытады.

Оңтүстікте ауа райы анағұрлым жұмсақ болады: түнде −5…+5°, ал күндіз +8…+17° аралығында сақталады. Түркістан облысында ақпанның алғашқы жартысында оң температура күтіліп, айдың екінші бөлігінде біртіндеп жылыну үрдісі байқалады.

Жауын-шашын мөлшері негізінен қалыпты деңгейде – 6–27 мм шамасында болады. Солтүстік өңірлерде көбіне қар жауса, оңтүстікте қар мен жаңбыр аралас түсуі мүмкін. Ай соңына қарай солтүстікте қар қалыңдығы 15–35 см-ге жетіп, таулы аймақтарда 2 метрге дейін жиналуы ықтимал. Оңтүстік өңірлерде қар ақпанның екінші жартысында ери бастайды.

Желдің орташа жылдамдығы секундына 7,5 метрге дейін жетеді, кей өңірлерде жел күшейеді. Синоптиктер боран, тұман және көктайғақтың болуына байланысты жүргізушілерге ерекше сақтық танытуды ұсынады.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар