
1 маусымдағы мәлімет бойынша, еліміздегі халық саны 20 370 672 адамға жетті
Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz qazaqstan.tv сайтына сілтеме жасап.
Биылғы жылдың басынан бері елімізде халық саны 87,2 мың адамға артқан. Оның ішінде табиғи өсім – 80 мың адамды, ал көші-қон арқылы келген өсім – 7,2 мың адамды құрады.
Бүгінде Қазақстанның 7 өңірінде халық саны 1 миллионнан асты:
Алматы қаласы – 2 314 929 адам
Түркістан облысы – 2 150 992 адам
Алматы облысы – 1 575 657 адам
Астана қаласы – 1 566 566 адам
Шымкент қаласы – 1 274 296 адам
Жамбыл облысы – 1 220 481 адам
Қарағанды облысы – 1 133 068 адам
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Кредит рәсімдеуден өз еркіңізбен қалай бас тартуға болады
- авторБақытжан Бекболат
- 9 шілде, 2025