«АЭС – Қазақстанның экономикалық әлеуетін арттырады» – бас маман
- авторjambylinfo.kz
- 19 қыркүйек, 2024
- 424
Елімізде инвесторлар үшін тұрақты қуат көзінің болуы өте маңызды. Көп жылдан бері Қазақстанда қауіпсіз атом энергетикасын дамыту үшін зерттеу жұмыстары жүргізілді. Біз АЭС құрылысын бастап, ел ертеңіне жаңа қадам жасағанымыз жөн. Атом энергетикасы бүкіл елді электр энергиясымен қамтамасыз етеді. Ол ештеңеге қарамастан, электр энергиясының тұрақты мөлшерін береді. Оның жұмысына ауа райы әсер етпейді. Бұл туралы мамандар толық мәліметтер берді. Атом электр станциясынан, атом энергетикасынан біз қашпай қайта қолдау керекпіз деп ойлаймын. Оны қаншалықты жылдам салсақ, соғұрлым тиімді болары анық.“Қазақстандағы атом энергетикасы-бұл тұрақты даму мен энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін болашаққа салынған инвестиция. Атом электр станциялары қоршаған ортаны ластамай, үлкен мөлшерде электр энергиясын өндіреді. Бұл шешім елді қажетті энергия ресурстарымен қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар климатты қорғау үшін маңызды көмірқышқыл газының шығарындыларын азайтуға мүмкіндік береді. Қазақстан уранның қомақты қорына ие бола отырып, өзінің табиғи ресурстарын қауіпсіз және таза энергия өндіру үшін пайдалана алады, бұл да елге экономикалық пайда әкеледі. Атом электр станциясы-бұл өсіп келе жатқан энергия қажеттіліктерін қанағаттандырудың және елді болашақ қиындықтарға дайындаудың сенімді әдісі” – дейді Айгерім Төлегенова
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Енді мұғалімдерді балағаттағандар қомақты айыппұл арқалайды
- авторjambylinfo.kz
- 18 желтоқсан, 2024