Таразда анасының басынан шәйнекпен ұрған әйел 100 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылады
- авторjambylinfo.kz
- 10 қыркүйек, 2024
- 793
Таразда өз анасының денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтірген әйелге сот үкім шығарды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Соттың баспасөз қызметі мәлімдегендей, анасы мен қызы арасында жанжал туындап, оның барысында сотталушы анасының басынан шәйнекпен бірнеше рет ұрған. Сотталушының әрекеті салдарынан жәбірленушінің денсаулығына жеңіл зиян келтірілген.
Осы бойынша іс сотқа жетіп, прокурор кінәліге 100 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту жазасын тағайындауды сұраған. Өйткені, сотталушы өз кінәсін толық мойындаған. Бірақ, жәбірленуші қызына кешірім бермей, соттан оны жазаға тартуды өтінген.
- ҚК-нің 108-1-б. 1-б. санкциясы 200 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл немесе түзету жұмыстары, 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 50 тәулікке дейін қамауға алуды көздейді. Сот жаза тағайындау кезінде жеңілдететін мән-жай ретінде сотталушының жас балаларының болуы мен шын жүректен өкінуін таныды. Ауырлататын мән-жайлар сотпен анықталған жоқ. Сот үкімімен сотталушы Ю.-ға 100 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалды,- делінген ресми хабарламада.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Валюта ауырбастау пункттерінде доллар нешеден саудаланып жатыр
- авторjambylinfo.kz
- 23 желтоқсан, 2024
«Заң және тәртіп»: Жуалыда прокурорлар жастармен кездесу өткізді
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024