жұма, 5 желтоқсан, 2025 12:47

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Қарызсыз қоғам» жобасы адамдардың өмірін жақсартуға көмектесе ала ма

«Қарызсыз қоғам» жобасы адамдардың өмірін жақсартуға көмектесе ала ма
"AMANAT" партиясы
Бұл туралы "Amanat" партиясының баспасөз қызметі мәлімдеді

Қазақстандықтардың жартысынан астамының несиесі бар, ал бір жарым миллион азаматтың шоты қарызға байланысты бұғатталған. Халықтың жалпы берешегі 26 триллион теңгеден асып, жүздеген мың отбасы қаржылық қысымда өмір сүріп жатыр. Көпшілігінің жалақысы қарыз төлеуге жұмсалып, күнкөрісі жаңа несие алумен жалғасуда.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында бұл мәселені шешудің маңыздылығына тоқталды. Президент азаматтардың мойнындағы қарызын азайту ғана емес, тұрақты табысқа қол жеткізуін қамтамасыз ету қажет екенін айтты. Сондай-ақ ол «AMANAT» партиясының бастамасымен қолға алынған «Қарызсыз қоғам» жобасын жалғастыруды тапсырды.

Партия хатшысы Эльдар Жұмағазиевтің айтуынша, бұл бастама мәселені бір реттік акциялармен емес, жүйелі тәсілмен шешіп отыр. Жоба аясында халықтың қаржылық сауаттылығы артады, алаяқтардан қорғау тетіктері күшейеді және кәсіпкерлікке жол ашылады.

«Біз «жалақы – төлем – жаңа қарыз» шеңберін бұзып жатырмыз. «Қарызсыз қоғам» жобасы адамға үш түрлі тірек болып отыр: білім беру, құқықтық тұрғыда қорғау және берешекті өтеудің ыңғайлы жаңа кестесін әзірлеу. Президент жобаны жалғастыру жөнінде нақты міндет қойды. Сондықтан жобаны алдағы уақытта да жалғастыра береміз. Біз үшін оқу сертификаты емес, нәтиже маңызды. Отбасылар қарыз қамытынан құтылуы керек және несиеге өмір сүрмеуге тиіс», – деп атап өтті Жұмағазиев.

Жобаның негізгі мақсаты – азаматтарға қаржылық еркіндік беріп, тұрақты табысқа қол жеткізуіне жағдай жасау.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар