сейсенбі, 1 қазан, 2024 0:25

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Айбынды азаматқа мың алғыс

Айбынды азаматқа мың алғыс
ашық дереккөзі
Айбынды азаматқа мың алғыс
Қазіргі уақытта өміріне қатер төнсе де міндетін адал атқарып жүрген полицейлер жетерлік. Олар - бүгінгі күннің қаһармандары. Мәселен бірі білсе, бірі білмес өңірде «Айбын» орденін иемденген жалғыз полицей бар. Оның қызмет бабындағы қайсарлығы мен қырағылығы - бүгінгі өскелең ұрпаққа өнеге. Әңгіме Жамбыл облыстық полиция департаменті жедел криминалистика басқармасының басшысы Берік Сәлемов жайында болғалы отыр. Айталық, ҚР Президентінің жарлығы мен Ішкі істер министрінің батырдың кеудесіне таққан ордені ауданның мерейін бір көтеріп тастады. Осы ағамыздың жолын үлгі ету мақсатында аудандық полиция бөлімінде ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрсейіт Әлімқұлов пен Полатқосшы ауылдық ардагерлер кеңесінің хатшысы Сәпілмәлік Тәжиевтің ұйытқы болуымен салтанатты жиын өтті. Шарада сөз алған аудандық полиция бөлімінің бастығы Талғатбек Татенов: «Сіз сияқты ел тыныштығын күзетіп отырған азаматтар өзіңізден кәсібилік, адалдық күтеді. Сенімге лайық тәртіп сақшысы ретінде халыққа берген антыңызға берік болғаныңыз үшін, елге қызмет етер осындай ұл тәрбиелеп жеткізген ата-анаңызға алғыс айтамын», – деген ол мерейтой иесіне сый-сыяпат жасап, құрмет көрсетті. Жиында тұрғындар тыныштығы үшін күні-түні дамыл таппай қызмет еткен ардагерлер марапат алды. Олардың қатарында аудандық полиция бөлімінде ұзақ жылдар еңбек еткен Разақбай Аманбеков, Нұрсейіт Жапарұлы, Едігеш Сұлтанов, Асан Жақыпов, Думан Ахметжанов, Сәпілмәлік Абдуллаұлы, Алдаберген Серікбаев, Дәурен Оразқұлов, Нұржан Тоқбергенов, Болат Исақов, Жарылқасын Исмайлов, Тұрдалы Құрманалиев, Лесхан Абылайсов, Сәкен Мырзабай және Асан Исабеков бар. Иә, олардың кәсіби тәжірибесі кіші буын өкілдері үшін баға жетпес байлық. Жас полицейлердің бойына жоғары адамгершілік құндылықтар, патриоттық сезім, Отанына деген сүйсіпеншілікті қалыптастыруға қосқан үлесі үшін ардагерлерімізге алғыс білдіруіміз қажет-ақ. – Мен ішкі істер бөлімінде 30 жылдай қызмет жасадым. Қатардағы милиционерден бастап, ішкі істер бөлімі (полиция бөлімі) бастығына дейін көтерілдім. Бүгінде зейнеткерлікке қалып, жылдар бойғы еңбегіміздің жемісін жеп жатырмыз. Мынандай қиын да ауыр кезеңде қызмет ішкі істер саласындағы қызмет жасайтын жастарға батыл, берік, адал болуларын тілеймін, – деді ішкі істер саласының ардагері Разақбай Аманбеков. Өз кезегінде полиция бөлімінің басшылығы зейнеткерлердің басын қосып, жас буынға үлгі-өнеге көрсету мақсатында тәжірибе ордасына айналған ардагерлер кеңесінің жұмысын жандандырып жүрген полиция ардагері Нұрсейіт Жапарұлы мен ҚР Ішкі істер министрлігінің еңбек сіңірген қызметкері, Жамбыл ауданының Құрметті азаматы Сәпілмәлік Тәжиевтің еңбектерін ерекше атап өтіп, алғаусыз алғыстарын жеткізді. Кеш соңында полиция бөлімінің жеке құрамы ардагер сақшыларға шапан жауып, дастархан басына шақырды. Жәнібек АЙТБЕКҰЛЫ
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар