жұма, 22 қараша, 2024 0:46

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

“Қайрат Нұртасқа көп төленеді”: Шәмші Қалдаяқовтың отбасы 55 хит ән үшін небары 22 мың теңге алған

“Қайрат Нұртасқа көп төленеді”: Шәмші Қалдаяқовтың отбасы 55 хит ән үшін небары 22 мың теңге алған
Коллаж:Ернар Балғабай
Ботагөз Қалдаяқова ұлы композитордың әндеріне мардымсыз ақша төленетініне қапалы

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шәмші Қалдаяқовтың келіні, «Ш.Қалдаяқов» қорының директоры Ботагөз Қалдаяқова зияткерлік меншік тақырыбына қатысты «Қазақ вальсінің королі» атанған композитордың хиттері үшін отбасына аз ақша төлейтініне өкпелі екенін мәлімдеді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Ботагөз Қалдаяқованың айтуынша, 3 жылдан бері,  яғни 2019 жылдан бастап төлемдер тоқтатылған. 

“Қазір тіпті тиын-тебен ғана алып отырмыз. Күні кеше Шәмші Қалдаяқовтың шығармаларын пайдаланғаны үшін бір тоқсанға небәрі 22 мың теңге алдық. Бұл 55 хит әні үшін берілген ақша.  Әнұранға есептелген жоқ. Себебі, Гимн  мұрагерлікке қалған жоқ, ол мемлекет меншігінде. Келесі жылы Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығы болса, 5 жылдан кейін 100 жылдық мерейтойын атап өтеміз. Ал бұл мерекелік даталар үлкен қаражатты талап етеді”,-деді ол.

Ботагөз Қалдаяқова жас композиторлардың шығармаларына үлкен қаражат төленетінін, мысалы Қайрат Нұртасқа 1 миллион теңге төленгені туралы естігенін айтты. 

Сондай-ақ композитордың келіні танымал авторларға да  осылай үлкен қаражат төленуі тиіс екенін алға тартқан.

Бөлісу:
Индира Тәліпқызы
Автор

Индира Тәліпқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар