жұма, 3 мамыр, 2024 7:14

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Қазақстан бойынша  88 мектептің оқушылары онлайн оқиды

Қазақстан бойынша  88 мектептің оқушылары онлайн оқиды
Сурет ашық дереккөзден алынды
Ақтөбе облысында колледж студенттері де қашықтан оқуға көшкен

Су тасқыны болып жатқан аймақтардағы оқушылар төртінші тоқсанды онлайн бастайды,деп хабарлайды jambylinfo.kz. 

Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің зардаптарын жою жөніндегі республикалық штаб жұмысының аясында 88 білім беру ұйымы төртінші тоқсанды қашықтықтан оқыту форматында бастайды.

“Су тасқынының қаупі сақталған аумақтардағы 56 мектепте, сондай-ақ эвакуациялық пункттер ретінде айқындалған 32 мектептің оқушылары онлайн оқиды”,-делінген хабарламада.

Оқу-тәрбие процесі мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандарттарына сәйкес ұйымдастырылады. Сондай-ақ, тәуекелдерді азайту және төтенше жағдайда білім беру процесін жалғастыруды қамтамасыз ету үшін Ақтөбе облысындағы колледж студенттері қашықтықтан оқыту форматына көшеді. 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар