Қазақстанда CryptoCity аймағы қай қалада ашылуы мүмкін
- авторБақытжан Бекболат
- 29 мамыр, 2025
- 263

Оның айтуынша, CryptoCity — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған тың жоба.
Алайда, жобаның нақты қай қалада жүзеге асатыны белгісіз, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
– Президент осындай идея көтерді. Қазіргі таңда үкімет тиісті органдармен бірлесіп, ең қолайлы орынды анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Меніңше, CryptoCity үшін ең ыңғайлы орын — Мемлекет басшысы бастамасымен салынып жатқан жаңа Алатау қаласы болмақ, – деді Жаслан Мәдиев Астана халықаралық форумы аясында.
CryptoCity аймағында криптовалютаны еркін пайдалану қарастырылып отыр. Яғни, бұл жерде тұрғындар криптовалюта арқылы дәмханаларда тамақтана алады, тұрғын үй сатып алады, инвестиция құя алады.
– Бұл бастама еліміздегі блокчейн саласына жаңа серпін берер еді. Ол IT мамандар мен бағдарламашыларды тартуға ықпал етіп, экономикалық өсімге де оң әсер етеді деп ойлаймын, – деді министр.
CryptoCity нақты қашан ашылатыны әзірге белгісіз. Қазіргі уақытта уәкілетті органдар құқықтық-нормативтік базасын әзірлеумен айналысып жатыр.