сәрсенбі, 18 ақпан, 2026 12:27

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда наурыз айында күн райы қандай болады

Қазақстанда наурыз айында күн райы қандай болады
Pixabay.com
Наурыз айында Қазақстан аумағында ауа температурасы климаттық нормадан жоғары болады деген алдын ала болжам жасалды.

"Қазгидромет" мамандарының мәліметінше, көктемнің алғашқы айында ел бойынша орташа температура қалыпты көрсеткіштен шамамен 1 градусқа жоғары болуы ықтимал, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Мамандардың болжауынша, жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде көпжылдық нормаға жуық сақталады. Алайда оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлердің таулы және тау бөктеріндегі аймақтарында жауын-шашын көлемі әдеттегіден көп болуы мүмкін. Атап айтқанда, Түркістан облысы, Жамбыл облысы, Алматы облысы, Жетісу облысы және Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы таулы өңірлерде жауын-шашын нормадан артық түседі деп күтілуде.

Ал Маңғыстау облысы аумағының басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері керісінше нормадан төмен болуы ықтимал.

Жалпы, наурыз айындағы жылы ауа райы көктемнің ерте сезілуіне әсер етуі мүмкін. Дегенмен таулы аймақтарда жауын-шашынның мол түсуі қар қорының артуына және өзен-көлдердегі су деңгейінің көтерілуіне ықпал етуі ғажап емес. Сондықтан тұрғындарға ауа райы болжамын қадағалап, сақтық шараларын ескерген жөн.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар