Қазақстанда велосипедтерге мемлекеттік нөмір тағу мәселесі талқылануда
- авторБақытжан Бекболат
- 17 сәуір, 2025
- 603

Қазақстанда велосипед пен самокат иелеріне мемлекеттік тіркеу нөмірін беру ұсынысы қарастырылып жатыр, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Оның айтуынша, бұл бастама жол мен тротуардағы қозғалысты бақылауға көмектеседі. Мұндай тәжірибе Еуропаның бірнеше елінде бар.
«Қазір самокат жүргізушілері бойынша жұмыс жүргізілуде. Әділет министрлігінің жанындағы ведомствоаралық жұмыс тобының алаңында бірқатар қосымша өзгерістер әзірленіп жатыр. Біз Швейцарияның тәжірибесін зерттедік. Онда тек самокатқа ғана емес, велосипедке де мемлекеттік нөмір беріледі. Сондықтан бұл норма біз үшін өте өзекті және белсенді талқылау кезеңінде», – деді Әділов.
Бұған дейін Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев самокат иелеріне тіркеу мен жүргізуші куәлігін алу міндеттелуі мүмкін екенін айтқан еді.
ХҚКО азаматтарды сергелдеңге салып отыр – депутат
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда ҚҚС 16% болды: жаңа Салық кодексі Мәжілісте қабылданды
- авторБақытжан Бекболат
- 30 сәуір, 2025