Қазақ жігіттері қорқақ, менімен таныса алмайды – Анар Батырхан
- авторjambylinfo.kz
- 7 маусым, 2024
- 695
Блогер, актриса, тележүргізуші Анар Батырхан «Мамский әңгіме» подкасына қонақ бола отырып, қазақ жігіттеріне қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Актриса дәл қазір басы бос екенін айтты. 31 жастағы блогер танымал емес кезде сезімін білдіретін жігіттер көп болса, атақты болған соң, жігіттер танысуға жүрексінетін сияқты деген ойын айтты.
«Дәл қазір басым бос, жігітім жоқ. Жасың келген сайын өз адамыңды табу қиынға соғады екен. Бір қызық дүние айтайын: жалпы, қазір «атақтымын, танымал адаммын» деп айтпай-ақ қояйын. Аллаға шүкір, оқырман саны көп, далада танып жатады. Енді қызығы: мен танымал болмай тұрып сезімін білдіретін жігіттер өте-өте көп еді. Өйткені олар мені танымайтын. Ал қазір қорқатын сияқты...Менен кәдімгі қорқады. Мені танымайтын басқа ұлттық жігіттері келіп, сенімді түрде танысып, сезімдерін білдіріп жатады. Қазақ жігіттеріне не болғанын білмеймін», - дейді ол.
Анар Батырхан жуырда бір тойға барғанда көз тіккен жігіттер көп болғанын айтады.
«Мені сыртымнан бақылап, көздерін тіктейді, бірақ, жаныма келмейді. Ал, үйге барғанда «Анар, сондай сұлусыз, сізбен танысқым келіп еді, бата алмадым» деп хат жазып тұрады. Яғни, қазақ жігіттерінің таныспауының себебі – өздеріне деген сенімсіздігі. Олар «бұл қызға Мальдив аралдарынан үй, қымбат көлік» керек деп ойлайтын шығар. Алайда, мен қатты бай жігітке қызықпаймын. Маған болашағы бар, мені асырай алса болды. Бай жігіттерден де жақсылық күтпейтін болдық», - дейді актриса.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Дзюдодан Париж Олимпиадасына Елдос Сметов баратын болды
Ұқсас жаңалықтар
Валюта ауырбастау пункттерінде доллар нешеден саудаланып жатыр
- авторjambylinfo.kz
- 23 желтоқсан, 2024
«Заң және тәртіп»: Жуалыда прокурорлар жастармен кездесу өткізді
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024