жұма, 20 қыркүйек, 2024 4:26

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Бұл уағыз емес»: Олимпиада чемпионы Елдос Сметов өзін сынағандарға жауап берді

«Бұл уағыз емес»: Олимпиада чемпионы Елдос Сметов  өзін сынағандарға жауап берді
фото - ашық дереккөзден
Оның сөзінше, желіде тараған бейнежазбалар уағыз есебінде айтылмаған

Олимпиада Чемпионы Елдос Сметов БАҚ өкілдерімен кездесуінде діни пікірін білдірді деп сынағандарға жауап берді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Париж Олимпиадасында чемпион атанған Елдос Сметов қазір ел назарында. Осы орайда әлеуметтік желіде спортшының діни сарындағы әңгімелері кеңінен таралып, желі қолданушылары тарапынан сынға ұшырап жатыр. Jambylinfo.kz тілшісі осы бойынша Елдос Сметовтың пікірін сұрады. Ол өзі айтқан діни әңгімелерді уағыз деп санамайды. 

-    Бұл жерде жаман нәрсе айтылмаған сияқты. Уағыз форматында айтылған нәрсе емес. Бұл менің басымнан өтіп жатқан нәрсе. Мен соны бөлістім. Мен арнайы адамдарды жинап, сұқбат беріп, уағыз айтып отырған жоқпын. Тек отбасымның алдында жарыстан алған әсеріммен, қуанышыммен бөлістім. Мен ол жаман тәрбие, тәртіп деп ойламаймын. Басқа біреулердің шашын бояп, құлағын тескенінен гөрі, осындай әңгімелердің көбірек айтылғаны дұрыс деп ойлаймын,- деді Елдос Сметов.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар