«Баяғы сол қатігездік, имансыздық, өтірік-өсек...»: Бекжан Тұрыс марқұм Асқар Наймантаевты еске алып, шерлі жазба жариялады
- авторИндира Тәліпқызы
- 18 маусым, 2024
- 1.4k
Сатирик, театр және кино режиссёрі Асқар Наймантаев көзі тірі болғанда 59 жасқа толар еді. Марқұмды әріптесі, белгілі актер Бекжан Тұрыс еске алып, әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
«Сол баяғы өзің көрген тірлік, ештеңе өзгермеген. Әділдігі дүдәмал заң мен қатал күнкөрістен қорқып қана тірлік кешіп жатырмыз. Ұрлық-қарлық, қатігездік, имансыздық, өтірік-өсек, алдау-арбау, зорлық-зомбылық, айта берсең толып жатыр… Осының бәрі ертегідегі алып баладай сағат сайын өсіп жатыр. Өнерге шын жаны ашитындар емес, атақ-мансапқа ұмтылатындар көбейген... Шындықты айтқан адамды рухани қорғап-қолдай бермейміз. Қазаққа өнегелі өмір, мазмұнды өнер сыйлаған ұлылармен “кездескен” боларсың, “көрген” шығарсың… Өнерімізге көңілі тоқ па екен, разы ма? Өнерге қиянат жасап, аруақтарды ренжітіп жүрген жоқ па… Мені осындай ой мазалайды. Театрың мен аудан-ауылдың арасында әлі де шапқылап жүргендей көрінесің кейде. Сендей жанкешті жоқ қой…», - деп жазған Бекжан Тұрыс.
Еске салайық, Асқар Наймантаев 1965 жылы 17 маусымда Алматы облысы, Нарынқолда дүниеге келген. Актер 2023 жылдың 2 желтоқсанында ауыр дерттен көз жұмған. Асқар Наймантаев "Тамаша" ойын-сауық отауы арқылы көпшілікке танылған. "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" медалінің иегері.
Ұқсас жаңалықтар
«Заң және тәртіп»: Жуалыда прокурорлар жастармен кездесу өткізді
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024
Енді мұғалімдерді балағаттағандар қомақты айыппұл арқалайды
- авторjambylinfo.kz
- 18 желтоқсан, 2024