жұма, 24 сәуір, 2026 13:18

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Борышкерлердің банк шотын толық бұғаттауға шектеу қойылады

Борышкерлердің банк шотын толық бұғаттауға шектеу қойылады
Pixabay.com
Қазақстанда енді қарызы бар азаматтардың банк шоттары толық бұғатталмайды. Шектеу тек берешек сомасына ғана қойылады

Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков бұл өзгерістерге қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz LS порталына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, бұған дейін азаматтардан шоттағы барлық қаражаттың бұғатталуына байланысты көптеген шағым түскен. Мысалы, айыппұл секілді шағын қарыз болса да, банктер бүкіл шотты жауып тастайтын. Енді бұл тәртіп қайта қаралып, жеке сот орындаушылары тек қарыз көлеміндегі қаражатқа ғана шектеу қоя алады.

– Қазір банктермен бірлесіп осы бағытта жұмыс жүргізіп жатырмыз. Тиісті хаттар жолданды. Жақын уақытта бұл жүйе толық іске қосылады, – деді вице-министр.

Айта кетейік, бұл норманы енгізу мәселесі 2023 жылдан бері талқыланып келеді.

Еске сала кетейік, салық бойынша 86,5 мың теңгеден асатын берешегі бар азаматтардың шоттарына бұғаттау шаралары қолданылуы мүмкін.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар