«Бәрін дүйсенбіде естисіздер»: Жанқош Тұраровтың әйелі Әнару Құрманәліге жауап берілетінін айтты
- авторjambylinfo.kz
- 24 тамыз, 2024
- 3.4k
Жанқош Тұраровтың әйелі Клара Иса әлеуметтік желідегі парақшасында Әнару Құрманәліге жауап берілетінін айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Әйелі осыны түсіндіріп жатқанда артқы жақтан боксшы да төбе көрсетті.
Кешегі жағдайға байланысты, сұхбатқа байланысты менің не дейтінімді білгісі келіп отырғандар бар. Бірақ бізге әзірге ештеңе айтуға болмайды. Бәрін Алла қаласа дүйсенбі күні естисіздер. Дүйсенбіде сұхбат алғысы келіп жатқан журналистердің бәрін күтеміз, – деді Клара Иса.
Еске салайық, бүгін таңертең Жанқош Тұраров пресс - конференция өткізетінін мәлімдеген. Алайда боксшының айтуынша, бүгін сенбі демалыс болғандықтан журналистердің сұрауы бойынша баспасөз мәслихаты дүйсенбіге шегерілген.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз