Қоғам
Еліміздегі қай облыстың тұрғындары ұзақ өмір сүретіні белгілі болды
- авторМағжан Орынбасар
- 28 наурыз, 2025
- 157

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі мәлім етті
Еліміздегі қай облыстың тұрғындары ұзақ өмір сүретіні белгілі болды,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz
— 2024 жылы Қазақстан Республикасы халқының өмір сүру ұзақтығы 75,44 жас, бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 75,09 жыл деңгейінде болған. Қалалық жерде өмір сүру ұзақтығы ауылдық жерге қарағанда жоғары, сәйкесінше 76,14 және 74,26 жас, — делінген хабарламада.
Гендерлік тұрғыдан алғанда, 2024 жылы әйелдердің күтілетін өмір сүру ұзақтығы 79,42 жас (2023 ж. — 79,06), ерлер арасында 71,33 жас (2023 ж. — 70,99 жас) болған.
Туған кезде күтілетін ең жоғары өмір сүру ұзақтығы Алматыда тіркелген — 78,78 жас, ең төмені Ұлытау облысында — 72,48 жас.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Арнаулы әлеуметтік қызметтерді қаржыландырудың жаңа форматы енгізілді
- авторМағжан Орынбасар
- 28 наурыз, 2025