жексенбі, 13 сәуір, 2025 20:03

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Енді әйелдер декретке миллионмен шыға алмайды: төлемдерді есептеу тәртібіне өзгерістер енгізілді

Енді әйелдер декретке миллионмен шыға алмайды: төлемдерді есептеу тәртібіне өзгерістер енгізілді
Pixabay.com
Биыл 8 сәуірден бастап декреттік төлемдерді есептеу тәртібіне өзгерістер енгізілді

Бұл өзгерістердің басты мақсаты – әлеуметтік төлемдер саласындағы әділеттілікті қамтамасыз ету және алаяқтық әрекеттердің алдын алу, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Енді декреттік төлемдер есептелгенде ең жоғары айлық табыс мөлшері 7 ең төменгі жалақыдан (ЕТЖ) аспауы тиіс, бұл 2025 жылы 595 000 теңге болып бекітілді. 

Бұрын бірнеше жұмыс орнынан алынған табыстар біріктіріліп есептелсе, жаңа ереже бойынша бұл тәжірибеге тыйым салынды. 

Сонымен қатар, декреттік демалысқа шыққаннан кейін жасалған әлеуметтік аударымдар декреттік төлемдерді есептеу кезінде ескерілмейді. Жұмыс істемейтін аналар үшін бұрынғыдай бір реттік жәрдемақы мен бала күтімі бойынша ай сайынғы төлемдер өзгеріссіз қалады. 

Жаңа ережелер алаяқтық әрекеттердің алдын алу мақсатында енгізілді, өйткені 2024 жылы декреттік төлемдер бойынша алаяқтық істер көбейген.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар