«Күнә жасайды». Кіші қажылыққа заңсыз барғандардың дұғасы қабыл бола ма
- авторМағжан Орынбасар
- 4 мамыр, 2024
- 1.1k
Қажылыққа визасыз барған адам күнә жасаған болып саналады. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы хабарлады, деп жазады jambylinfo.kz
Сауд Арабиясы корольдігінің қажылық және умра министрлігі 26 сәуірде арнайы мәлімдеме жасап, қажылық тек қажылық визасымен орындалатынын ескерткен.
ҚМДБ биыл қажылық орындары конкурс негізінде 16 туристік операторға бөлінгенін айтты. Осы орайда қажыға баратындарға қойылатын ең басты талап қажылық құлшылығын ешқандай туристік сапармен шатастырмай, қажылықтың шариғаттағы талаптарын орындау болып отыр.
Ал, конкурстан өткен 16 туроператор қажылардың қауіпсіздігіне, оларды Мекке-Мединаға апарып-әкелуге, қонақ үй және ас-сумен, транспортпен қамтамасыз етуге және тиісті құжаттарын рәсімдеуге міндеттеледі.
Конкурстан өткен туристік операторлар: "Хикмет Тревел" ЖШС, "Атлас Туризм" ЖШС, "Қызмет Саяхат" ЖШС, "Tawaf Travel" ЖШС, "Хидаят-Нур" ЖШС, "Nurkhan travel" ЖШС, "Сембекова" ЖШС, "Sanabl kz" ЖШС, "Mina travel" ЖШС, "Ал-Маруа" ЖШС, "Ордабасы – НЖ" ЖШС, "Robinzon kz" ЖШС, "Delta Tour" ЖШС, "Иман Travel Тур" ЖШС, "Dostik travel" ЖШС, "Qazaq Sapar" ЖШС.
Ал, кіші қажылыққа апаратын фирмалар көп. Әр облыстағы мұндай кішігірім мекемелер дін басқармасына мәлімет бермейді. Сондықтан кіші қажылыққа аттанатындар саны белгісіз. Ал, Жамбыл облысында өткен жылға қарағанда 5 парызының бірін орындағысы келетіндер азайғанға ұқсайды. Өйткені, "Tawaf Travel" компаниясы биыл облыстан 9 адамды үлкен қажылыққа апармақ.
«Өткен жылы үлкен қажылыққа 56 адам барды. Биыл 9 адам барады. Визасыз ешқайсысы қажылыққа бармайды. Бұл енді Мүфтияттың компаниясы. Сондықтан визасын, жолын, жатын орын, транспортын бәрін қамтамасыз етеді. Биыл бізде ҚМДБ-ның білікті имамдары сол жерде қызмет қылады»,- деді "Tawaf Travel" ЖШС өкілі Ержан Амабаев.
Таразда ауыз су беру уақытша тоқтайды
Ұқсас жаңалықтар
Енді мұғалімдерді балағаттағандар қомақты айыппұл арқалайды
- авторjambylinfo.kz
- 18 желтоқсан, 2024