«AMANAT» Қордай аудандық филиалының төрағасы Бейқұт Жамангөзов АЭС салу экономикалық әрі әлеуметтік тұрғыдан тиімді екен алға тартты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
«АЭС туралы сөз болғанда мынадай жағдайларға, мысалдарға тоқтамай кетпесе болмас. Мәселен, Францияда да жақын арада алты реактор салынбақ. Бұл елде атом энергетикасын дамыту 100 мыңға дейін жұмыс орнын құруға жол ашады. Ядролық энергия өндіруден көшбасшы саналатын Францияда қазір 50-ден аса реактор жұмыс істеп тұр. Жақын жылдары тағы алтауының құрылысы басталады дедік қой, соған 100 мыңға жуық адам жұмылдырылмақ. Жалпы алғанда, атом электр стансасын салу және пайдалану мынадай игіліктерді туындатады екен. Тікелей және аралас салаларда бірнеше мың жұмыс орны ашылады, ауаға таралатын зиянды зат мөлшері азаяды, электр энергиясы бұрын-ғыдан да қолжетімді бола түседі, әлеуметтік лифт күшейеді, реактор маңайындағы елді мекендердің инфрақұрылымы жақсара түседі. Сала сарапшыларының сөзі¬нен ұққанымыз, ядролық реактор кө¬мегімен аз отын шығындай отырып көп энергия алуға, тұтынуға болады. Бұл – тиімді әрі экономикалық тұрғыдан пайдалы.
Егер жеткілікті қуатты¬лық¬пен АЭС тұрғызар болсақ өз қажеттілігімізді жауып, тіпті АЭС-і жоқ көрші елдерге экспорттай да аламыз. Қуаттылық бойынша да, электр энергиясының бағасы бо¬йынша да тұрақты бола түсеміз», - дейді ол.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Енді мұғалімдерді балағаттағандар қомақты айыппұл арқалайды
- авторjambylinfo.kz
- 18 желтоқсан, 2024