Қоғам
Мектеп әжетханасындағы зорлық: Ақтаудағы шулы оқиғаға қатысты түсініктеме берілді
- авторБақытжан Бекболат
- 21 сәуір, 2025
- 907
Бұл жағдайға қалалық білім басқармасы түсініктеме берді.
Ақтауда жасөспірім қыздар 7-сынып оқушысын мектептің әжетханасында есінен танғанша қорлаған, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарады. Кадрлардан екі қыздың алдымен жәбірленушінің бетіне шапалақпен ұрып, кейін оны қысып, кеудесіне қысым жасағаны көрінеді. Біраз уақыттан соң қыз есінен танып, жерге құлап түседі.
Белгілі болғандай, бұл оқиға 8 сәуір күні №33 жалпы білім беретін мектепте орын алған. Жәбірленуші — 7-сыныптың оқушысы.
"Оқиғаға қатысы бар барлық оқушылар жайлы ақпарат кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторға берілді. Жасөспірімдермен және олардың ата-аналарымен профилактикалық әрі психологиялық жұмыстар жүргізілді", – деді қалалық білім басқармасы.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
"Рэкетир" фильмінде ойнаған актер Мұрат Бисембин инсульт алып, ауруханаға түсті
- авторБақытжан Бекболат
- 22 желтоқсан, 2025
Қоғам
Баланы қорқытып, бопсалайды: елімізде алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
- авторБақытжан Бекболат
- 20 желтоқсан, 2025






