сейсенбі, 24 желтоқсан, 2024 8:25

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Қоғамдық келісімнің" кеңейтілген кеңесі өтті

"Қоғамдық келісімнің" кеңейтілген кеңесі өтті
ашық дереккөзі
"Қоғамдық келісімнің" кеңейтілген кеңесі өтті

Жуалы ауданы Көлбастау ауылында  Жамбыл облысының Қазақстан халқы Ассамлеясы  және Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен Қоғамдық келісім Кеңесінің отырысы өткізілді.

Кеңеске Ассамблея мүшелері мен этномәдени бірлестік жетекшілері, облыстық ҚХА қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері, аудан әкімдіктері және ішкі саясат бөлімінің өкілдері, ақсақалдар кеңесінің мүшелері, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» Сарысу,Талас, Жамбыл, Байзақ ауданы қоғамдық келісім кеңестері және  Жуалы ауданына қарасты ауылдардың тұрғындары  қатысты.

Кеңес жұмысында күн тәртібіне сай бірнеше маңызды мәселелер қаралды. Алғашқысында   Талас, Жуалы аудандарында қоғамдық келісім кеңестерінің мемлекеттік саясатты түсіндіру бойынша атқарып жатқан жұмыстары  талқыланды.

Сонымен қатар  Кеңесі отырысы барысында көтерілген тағы бір мәселе -  сессияда берілген тапсырмалар болды. Яғни, Жуалы аудандық Қоғамдық келісім кеңесі төрағасының Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті ХХVI сессиясында берілген жергілікті бюджеттердің тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету және агроөнеркәсіптік секторда прогрестік технологияларды ілгерілету жөніндегі тапсырмаларының орындалуы қаралды.

Жуалы ауданы «Жастар ресурстық орталығының»  жастармен жұмыс жүргізуде атқарып жатқан жұмыстары және Сарысу, Байзақ, Талас, Жамбыл аудандарында қоғамдық келісім кеңесі төрағаларының 2018 - 2019 жылдардың 1 тоқсанында атқарған жұмыстары да жиында сөз болды. Межелі міндеттер хақында  Жамбыл ауданы ішкі саясат бөлімі ҚХА жұмысымен айналысатын бас маманы  Әбдірахман Мадияр  баяндама жасап, жұмыстың жүргізілу тәртібін түсіндірді.

Кеңестің бүгінгі таңда  Жамбыл облысы бойынша  177 қоғамдық келісім кеңесі жұмыс атқаруда. Оның 1 облыстық, 3 қалалық, 10 аудандық, 154 ауылдық денгейде. 9 мекемелерде көшпелі отырыстары өткен. Қоғамдық келісім кеңесінің қазіргі таңдағы мүшелер саны 1108 адамды құрап отыр.

Кеңес отырысының соңында жиынға қатысушылар көкейлерінде жүрген  сұрақтарын қойып, нақты да тұщымды жауаптар алды. Бұдан бөлек, кеңеске қатысқан азаматтар басқосу тақырыбына сай өзара пікір алмасты.

  Кәмшат ҚАДЫР
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар