бейсенбі, 12 желтоқсан, 2024 0:45

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Облыс тарихынан сыр шертетін қос кітаптың тұсауы кесілді

Облыс тарихынан сыр шертетін қос кітаптың тұсауы кесілді
Сурет: Юрий Ким
Құнды кітаптар үш тілде фото бедерлермен безендірілген

Бүгін «Көне-Тараз» тарихи-этномәдени кешенінде Жамбыл облысының құрылғанына 85 жыл толуына орай ұйымдастырылған салтанатты шарада аймақ тарихын зерделеген «Қарахан баба мен Айша бибі» және «Тараз – өркениет өрімдерінің куәгері» атты екі кітаптың тұсаукесер рәсімі өтіп, оқырманға жол тартты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Кітаптардың летасын облыс әкімі Ербол Қарашөкеев пен зиялы қауым өкілдері кесті.

Бұл кітаптар “Forte Bank” АҚ, “Алматыметрокурылыс” АҚ miniSuites”, “TAS Group” компаниялары, сондай – ақ Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен басып шығарылды.

Кітаптарды баспаға дайындаған белгілі тарихшы, археолог ғалым Сауран Қалиұлының айтуынша,  Әлиеатаға келген туристер өңірдің тарихына деген қызығушылық танытып, естелік оқу құралдарын сұраған. Тарихи деректерді топтастырып, кітап шығаруға осы жай түрткі болған.

Олардың қатарында Қытай, Корея, Белгия, Түркия, Германия мен Индия сияқты мемлекеттерден келетін әр саланың мамандары, қарапайым адамдар бар. Кітапта сонау мыңдаған жылдардан бері қалыптасқан, адамзаттың киелі мекені Тараз, Талас, Қаратау, Шу, Алатау бөктерін жайлаған Түркі халықтарының терең тарихы мен мәдениетіне, әлемге қанат жайған түркінің ұлы өркениетіне қатысты деректер жазылып, фотограф Алтынбек Қартабаймен бірге сол мекендерге жылдың төрт мезгілінде экспедиция құра отырып жасалған фотолары енді. Кітапқа Жамбыл облысы мен Тараз қаласының өткен тарихы, бүгінгі мәдени дамуы, сәулеттік өркендеуі, сонымен қатар, облыстың жалпы табиғаты мен туристік нысандары енді. Өркениеттер тоғысында жеткен жетістіктері мен олардың маңызы да кітапта баяндалды,- деді Сауран Қалиұлы.

Айта кетейік,“Тараз – Өркениет Өрімдерінің куәгері”  кітабы. Бұл кітабының авторлары – Сауран Қалиұлы, Асылжан Шайділдаев және Алтынбек Қартабай. Ал “Қарахан баба мен Айша бибі”  кітабының құрастырушысы – ортағасыр тарихының маманы Асылжан Шайділдаев. 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар