жұма, 22 қараша, 2024 0:44

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Олар өгей шешелерін ғана емес, әкелерін де жоғалтты». Бишімбаевтың бұрынғы әйелі күтпеген мәлімдеме жасады

«Олар өгей шешелерін ғана емес, әкелерін де жоғалтты». Бишімбаевтың бұрынғы әйелі күтпеген мәлімдеме жасады
Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қахарман. Сурет дереккөзі: nazymkharman / Instagram
Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен қамауда отырған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бірінші жары, адвокат Назым Қахарман әлеуметтік желісінде мәлімдеме жасады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

«Мен Назым Қахарман, адам өлтірді деген күдікпен қамауда отырған Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелімен, осы видео арқырылы әлеуметтік желіде таралып жатқан ақпаратты жоққа шығарғым келеді. 28 ақпан күні Елена Семенова әлеуметтік желіде Ішкі істер министрлігінің құпия құжаттарын пайдалана отырып, менің қызыма және маған қатысты өтірік жала жапқан пост жариялады. Ол құжатты тіпті оқымай, менің сол кезде жазған арызымды түбегейлі өзгертіп, өзінің арам пиғылы үшін өтірік ақпарат таратты. Осыған байланысты мен сол оқиға туралы айтып бергім келеді», - деген Назым Қахарман қалған оқиғаны постқа жазған.

Яғни, Назым Қахарманның айтуынша, бір жыл бұрын, 2023 жылдың 21 наурызында ол қызыма шабуыл жасалды деген мазмұнда полиция шақырған. Өйткені, оның айтуынша, қарындасы Салтанат Нүкенованың Қуандық Бишімбаевтан таяқ жеген суреттерін көрген Айтбек Нүкенов Бишімбаевтың үйіне келіп, шу шығарған. Сол сәтте, Назым Қахарман мен Қуандық Бишімбаевтың үш баласы әкелерінің үйінде болған. Балалар өгей шешелері Салтанаттың ағасы Айтбек Нүкеновтен шошып, қорыққан. Сол оқиғадан кейін Назым Қахарман балаларына әкесі Бишімбаевтың үйіне баруға тыйым салған екен.

«Міне, бір жыл бұрынғы оқиға кезінде хаттама толтырған полицияның құжатын, менің арызымды алып, Айтбекке «менің қызымды зорламақ» болды деген айып тағылып отыр. Менің ойымша, осылай күпірлік етіп, көзімізді бақырайтып қойып жала жапқан адам арам пиғылын жүзеге асырып, қаза тапқан Салтанаттың ағасы Айтбектің беделін түсіргісі келген. Тіпті, ол жазбасында менің арызымды емес, басшысына хаттама толтырып берген полицияның сөздерін жұлып-жұлып жазған. Адамға көпе көрнеу жала жабу оғай. Сондықтан мен кіп-кішкентай қызымды қорғағым келеді», - дейді Қахарман.

Оның айтуынша, Салтанат Нүкенованың өлімінен кейін Бишімбаевтың бұрынғы үй-іші ретінде олар бұл оқиғаға қатысты пікір білдіргілері келмеген.

«Бала-шағаммен бұл іске араласқымыз келген жоқ, тіпті, сот өтпей тұрып пікір білдіру теріс. Менің бар ойым балаларымда, оларлың  психикалық денсаулығында. Қуандық Бишімбаевты олар туған жоқ, керісінше, әкелері олардың туғанын қалады. Олар тек өгей шешелерін ғана емес, әкелерін де жоғалтты», - деді Назым Қахарман.

Естеріңізге сала кетейік, Қуандық Бишімбаев жемқорлық үшін сотталған кезде Назым Қахарман азаматтық қорғаушысы болған. Бишімбаев мерзімінен бұрын босатылған соң ол заңды некедегі әйелі және үш баласының анасы Назымнан ажырасып кеткен болатын. 

Жуырда депутат Ринат Зайытовтың Қуандық Бишімбаев пен марқұм Салтанат Нүкенованың отбасылары арасында қазір ақпараттық соғыс жүріп жатқанын айтқан еді. 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар