дүйсенбі, 9 маусым, 2025 9:40

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жастар асықпайды: некеге тұру көрсеткіші 10 жылда ең төмен деңгейге түсті

Жастар асықпайды: некеге тұру көрсеткіші 10 жылда ең төмен деңгейге түсті
Фото: ЖИ
2025 жылдың алғашқы үш айында ел бойынша небәрі 22,5 мың неке тіркелген. Бұл өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 4,3 мыңға аз.

Соңғы он жылдағы тоқсандар ішінен мұншалықты төмен көрсеткіш алғаш рет тіркеліп отыр, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап. 

Тек 2020 жылдың екінші тоқсанында (16,6 мың неке) пандемия шектеулерінің әсерінен бұдан да аз неке қиылған болатын.

Неке санының кемуі елдің барлық өңірінде байқалады. Түркістан облысында бұл көрсеткіш 19%-ға, ал Алматы қаласында 21%-ға азайып, республика бойынша жалпы көрсеткішке қатты әсер еткен.

Халық санына шаққандағы некелесу деңгейі – яғни жалпы некелесу коэффициенті – де құлдырап тұр. 2025 жылдың қаңтар-наурыз айларында бұл көрсеткіш 1000 адамға шаққанда 4,47 болды. Былтыр бұл сан 5,33 еді.

Аймақтар ішінде ең төменгі көрсеткіш Батыс Қазақстан облысында (3,72), ал ең жоғарысы Алматы облысында (5,26) тіркелді.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар