Қоғам
«Парақор полицей». Антикор әлеуметтік желідегі бейнежазбаға байланысты тергеу бастады
- авторМағжан Орынбасар
- 3 маусым, 2024
- 434
Алматылық тәртіп сақшысы шетелдік азаматқа «жұмсақтық» танытқан
17 мамырда әлеуметтік желіде белгісіз автордың бейнежазбасы жарияланып, таралып үлгерді. Онда оңтүстік астананың полиция қызметкерлері жүргізушіден ақша алу сәті таспаланған, деп хабарлайды jambylinfo.kz
Бейнежазбаға зер салсақ, шетелдік азаматтан тәртіп сақшысының ақша алған сәтін көруге болады. Еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі осы бейнежазбаға қатысты комментарий берді.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет көрсетілген жарияланымға уақытылы ден қойып, шетелдік азаматқа қатысты әкімшілік сипаттағы шаралар қолданбағаны үшін пара алу фактісі бойынша Алматы қаласы полиция департаментінің қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді тіркеді»,- деп хабарлады Антикор.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Валюта ауырбастау пункттерінде доллар нешеден саудаланып жатыр
- авторjambylinfo.kz
- 23 желтоқсан, 2024
Қоғам
«Заң және тәртіп»: Жуалыда прокурорлар жастармен кездесу өткізді
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024