жұма, 27 желтоқсан, 2024 6:15

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Пойыз өтіп біткенше жұмысқа кешігеміз"

"Пойыз өтіп біткенше жұмысқа кешігеміз"
ашық дереккөзі
"Пойыз өтіп біткенше жұмысқа кешігеміз"

Тараз қаласының "За линией"  алқабының тұрғындары   бірінен соң бірі ағылған пойыздың кесірінен жұмыстарына кешігетіндерін айтып, шағымдануда, – деп хабарлайды "Jambylinfo" ақпарат агенттігі.

Шаһар орталығынан қашықта орналасқан алқапта қала тұрғындарының едәуір бөлігі қоныстанған. Олар  темір жолдың бергі бетінде орналасқан жұмыс орындарына жетуі үшін таңертең ерте шығып, біршама уақыт қоғамдық көлікте өткізуге мәжбүр. Алайда, аумағы кең ауданның барлық көшелерімен бірдей маршруттық автобустар қатынай бермейді. Сол себепті, азаматтар шойын жолдан өтіп,  содан соң автобусқа мінеді.

Алайда, бұл істің өзі оңай болмай тұр. Өйткені, "За линиейдің" 1, 2, 3 Қарасу, 1, 2, 3 Наурыз, Тынышбаев көшесінің тұрғындары елдімекен ішімен баяу  өтетін пойызды күтіп, уақыт жоғалтатынын айтып, шағымдануда.

"Аталған көшелердің тұрғындары темір жол арқылы өтеді. Себебі "За линиейдің" ішімен бұл көшелерге автобус бармайды. Тұрғындар темір жолдан өтіп Элеватор остановкасынан (Байзақ батыр көшесінің соңы) қоғамдық көліктерге мініп, түседі. Халық пойызды жарты сағат, қырық минут күтіп тұрады. Себебі поезд біресе алға, біресе артқа жүріп, ал бірде тоқтап тұрып алады. Өгізаяңға салып өтетін отарбаның кесірінен халық таңертең жұмысына, кешкісін үйіне кеш барады. Осы жағдайдан шығудың амалы болса, ретке келтірулеріңізді сұраймыз,– дейді редакциямызға хабарласқан алқап тұрғыны.

Алдағы уақытта мұндай мәселені болдырмау үшін көпір салынуын сұрап отырған азаматтар   сөзінің дәлелі ретінде төмендегі бейнежазбаны да ұсынып отыр: https://youtu.be/o0HXc15FAwE
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар