дүйсенбі, 25 қараша, 2024 3:13

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Прокурор Айжан Аймағанованың жеке парақшасында жазылушылар саны 100 мыңға жуықтады

Прокурор Айжан Аймағанованың жеке парақшасында жазылушылар саны 100 мыңға жуықтады
Айжан Аймағанованың жеке парақшасынан
Бишімбаев ісінде батылдық танытып, ел ықыласына бөленген прокурор Айжан Аймағанова Instagram әлеуметтік желісінде кеше жеке (zhakiti) парақшасын ашты. Бүгін оған жазылушылар саны 94 мың адамнан асты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Әзірге прокурордың парақшасында бір бейнежазба жарияланған. Онда ол өзінің парақшасын қоғамға ашық қылғанын айтып, шын парақшасы осы екенін мәлімдеген.

  • Қайырлы күн, мен Айжан Аймағанова. Қазір Астана қаласы прокурорының аға көмекшісі қызметін атқарамын. Қазір мен қоғамдық резонанс тудырған қылмыстық істе мемлекеттік айыптаушымын. Әлеуметтік желіде менің атымнан жалған парақша ашылуына байланысты мен парақшамды көпке қолжетімді қылдым. Оның аты zhakiti деп латынша жазылады. Менде ешқандай жарияланым болған емес. Алдағы уақытта мүмкіндігінше ашық, әрі пайдалы болуға тырысамын,- дейді ол

Елді қайсарлығымен сүйсіндірген прокурордың жариялаған үндеуінің астына 5мыңнан аса пікірі жазылып, 50 мыңға жуық лайк қойылған. Парақшаның алғысөзінде автор «Будь причиной того, по которой кто-то верит в добрых людей» деп жазыпты.

Айта кетейік, бұған дейін  Instagram әлеуметтік желісінде «aijan.aimaganova» атты парақша ашылып,  15 000 мыңнан астам жазылушы жинаған. Парақшада сот процесі видеоларының үзінділері және мемлекеттік айыптаушының жеке суреттері жарияланған. Бірақ Астана қаласының прокуратурасы бұл ақпаратты жоққа шығарып, оның прокурор Айжан Аймағановаға қатысы жоқтығын мәлімдеген.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар