бейсенбі, 9 мамыр, 2024 20:31

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

«Құрбыларыма Тоқаевпен суретке түскенімді айтамын»: Президентті көрген қарапайым қыз қуанышын жасыра алмады

«Құрбыларыма Тоқаевпен суретке түскенімді айтамын»: Президентті көрген қарапайым қыз қуанышын жасыра алмады
Сурет: видеодан скриншот
Ол президентті бүгін Астанадағы сенбілік кезінде кездестірген

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада сенбілікке қатысып, жастармен және ағаш егетін коммуналдық қызметтің өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Оқиға орнындағы журналист Әділ Балтабаевқа сұхбат берген бойжеткен Тоқаевпен кездескенімді жақындарымның бәріне айттым дейді. Бойжеткен Астананы көгалдандыратын компаниялардың бірінде жұмыс істейді. 

«Жаңа бізге президент келді, сондай бір қызық сезім болды. Оны көруді бәрі армандайды ғой. Өз арманыма жеттім. Президент бізге жұмыстарың сәтті өтсін деді. Таныстарыма, құрбыларымның бәріне оны көргенімді айттым. Олар әлі ұйқытап жатыр, хатымды көрген жоқ», - дейді ол.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Таза Қазақстан" акциясы аясында елордадағы сенбілікке қатысты. 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар