Салтанат Томпиева Азаматтық авиация комитетін басқаратын болды
- авторjambylinfo.kz
- 17 ақпан, 2024
- 978

Үкімет қаулысымен Салтанат Томпиева Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі мәлім еткендей. Салтанат Томпиева 1977 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін "Халықаралық экономикалық қатынастар" мамандығы бойынша, Тулуза бизнес-мектебін (Франция) авиациялық-ғарыштық менеджмент саласындағы іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесімен тәмамдаған. Сондай-ақ, Азаматтық авиация менеджменті бойынша ИАТА халықаралық әуе көлігі қауымдастығында білім алған.
Ол азаматтық авиация саласындағы еңбек жолын 1998 жылдан бастап Азаматтық авиация комитетінің авиациялық қауіпсіздік секторының жетекші маманы болып бастағаны белгілі.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Алдағы күндері ауа райы күрт өзгереді: күн күркіреп, жаңбыр жауады
- авторБақытжан Бекболат
- 24 шілде, 2025
"Бәрін тоқтаттым": Ақмоншақ Нұртаза күтпеген мәлімдеме жасады
- авторБақытжан Бекболат
- 23 шілде, 2025