жұма, 17 мамыр, 2024 13:41

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

«Шынында да жантүршігерлік оқиға»: Ерлан Қошанов Бишімбаевтың соты туралы пікір білдірді

«Шынында да жантүршігерлік оқиға»: Ерлан Қошанов Бишімбаевтың соты туралы пікір білдірді
Сурет ашық дереккөзден алынды
Ерлан Қошановтың ойынша, Бишімбаевтың соты мейлінше ашық жүріп жатыр

Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов әйелін өлтірді деп айыпталған сотталушы экс-министр Қуандық Бишімбаевтың соты туралы пікір білдірді, деп хабарлайды jambylinfo.kz. 


Мәжіліс спикері сот процесіне мейлі ол депутат, мейлі басқа да лауазымды тұлға болсын, ешкімнің араласуына  құқығы жоқ екенін атап өтті. 


«Бүгінде бұл іс үлкен резонанс тудырып отыр. Шынында да жантүршігерлік оқиға. Қоғамның ерекше бақылауында. Президент осы оқиға бойынша тергеу жұмыстарын дұрыс жүргізу туралы тапсырма берді. Өз бақылауында ұстап отыр. Сондықтан осындай қоғамдық бақылау бар кезде, бұрмалаушылық болады деп ойламаймын. Сот шешімді дербес шығарады. Сондықтан әділ үкім шығаратынына біз сенеміз», деді Қошанов мәжіліс кулуарында журналистердің сұрағына жауап беріп. 


Осы орайда БАҚ өкілдері төменгі палата спикеріне Бишімбаевтың соты өтіп жатқан залға журналистерді кіргізбей жатқанын айтып шағымданды. 


«Сот мейлінше ашық жүріп жатқанын бәріміз көріп отырмыз. Мен де сіз сияқты ақпарат құралдарынан қарап отырмын. Тікелей эфир бар. Сот отырысы өтіп жатқан зал шағын екенін көріп отырсыз. Оның үстіне ол аудандық сот. Менің ойымша, аудандық соттың да, залдың да мүмкіндігі шектеулі», деп пікір білдірді мәжіліс төрағасы. 


Естеріңізге сала кетейік, бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы қатігездікпен өлтірді деп айыпталып отыр. Алайда экс-шенеунік кінәсін мойындаған жоқ. Осы іс бойынша басты сот отырысы 27 наурызға белгіленді.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар