дүйсенбі, 25 қараша, 2024 5:58

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Су тасқынынан зардап шеккен диқандарды қолдауға 300 млрд теңге бөлінеді

Су тасқынынан зардап шеккен диқандарды қолдауға 300 млрд теңге бөлінеді
Фото: Егемен Қазақстан
Бұл туралы «Бәйтерек» холдингі хабарлады

«Бәйтерек» көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыруды рекордтық 300 млрд теңгеге арттырады, - деп хабарлайды jambylinfo.kz Холдингтің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуде агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдау үшін 300 млрд теңге сомасына жеңілдікпен қаржыландырудың жаңа бағдарламасын іске қосады.

 Алғаш рет «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ осы бағдарлама шеңберінде кепілмен қамтамасыз ету бойынша шектеулерге тап болған фермерлер үшін кредиттің 85% сомаға кепілдіктер береді. Мұндай кепілдіктерді ұсыну азық-түлік қауіпсіздігін едәуір нығайтады және ішкі нарықтағы баға тұрақтылығын қамтамасыз етеді, өйткені «Бәйтерек» холдингінің көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландырудың жалпы көлемі ағымдағы жылы 440 млрд теңгеге жетеді. Бұл бағытта холдинг агроөнеркәсіптік кешенді қолдау үшін нарықтық ресурстарды барынша пайдалана отырып, нарық пен екінші деңгейдегі банктердің қаражатын айналымға белсенді түрде тартады.

Бағдарлама «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын бір жылға дейінгі мерзімге соңғы қарыз алушы үшін жылдық 5% шарттарымен қаржыландыруды көздейді. Бұл биылғы су тасқыны мен былтырғы құрғақшылық салдарынан қаржылық қиындықтарға тап болған фермерлерді қолдауға бағытталған.

«Холдинг агроөнеркәсіптік кешенді белсенді қолдайды және осы саланы қаржыландыру көлемін тұрақты негізде ұлғайтатын болады. Мемлекет басшысының экономикалық өсу қарқынын 6%-ға дейін ұлғайту және ауыл шаруашылығын қаржыландыру көлемін ұлғайту жөніндегі тапсырмасына сәйкес 2024 жылы АӨК субъектілері үшін көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жеңілдетілген қаржыландыруға 140 млрд теңге бөлінген. Алайда, бұл сома фермерлердің айналым қаражаттарына деген қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жеткіліксіз болды. Осыған байланысты біз нарықтық қарыз қаражатын қосымша тарту туралы шешім қабылдадық», — деп атап өтті «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Рустам Карагойшин.

Бағдарламаны іске асыру Холдингтің еншілес құрылымдары арқылы кешенді жүзеге асырылады, бұл ресурстарды агроөнеркәсіптік сектордың негізгі аймақтарына тікелей және тиімді бағыттауға кепілдік береді. Жаңа бағдарлама 2024 жылдың 29 сәуірінен бастап жұмыс істей бастайды.

Кеңес алуға және несиеге өтінім беру үшін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның жақын маңдағы өңірлік филиалдарына жүгіну қажет. Қосымша ақпарат сенім телефонының 8 701 006 18 18 немесе Call center: 5353 нөмірі бойынша қол жетімді.

Бөлісу:
Кенжекей
Автор

Кенжекей

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар