Су тасқынынан зардап шеккен әрбір адамға 100 теңгеден өтемақы төлене бастады
- авторjambylinfo.kz
- 30 наурыз, 2024
- 889
Оның айтуынша, өңірде облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен су тасқыны салдарын жою жөніндегі жедел штаб өз жұмысын жалғастырып жатыр. Қазір облысқа қарасты Амангелді, Жангелді аудандары және Арқалық қаласында су тасқынынан келген залалды есептейтін комиссия жұмысын бастаған.
«Су тасқынынан зардап шеккен азаматтардың әрқайсысына осы ақпаратты жеткізгім келеді. Мемлекет тарапынан берілетін көмектен басқа, бюджеттен тыс қаражат есебінен қаржылай көмек төленіп жатқанын айтқым келеді. Осы уақытқа дейін 33 отбасындағы 183 адам әрбір отбасы мүшесі үшін 100 мың теңгеден өтемақы алды. Барлығы 180 млн теңгеден астам қаражат кетті», - деп хабарлады Алма Жүсіпова.
Алма Жүсіпова хабарлағандай, бұл көмекті алу үшін отбасы мүшелері әкімдікке барып, тиісті өтінішті толтырып, отбасы құрамын көрсету керек және ақшаны алатын есепшоттарын жазып беруі тиіс.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз