бейсенбі, 26 желтоқсан, 2024 12:31

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тараз тұрғыны анасымен 55 жылдан кейін қауышты

Тараз тұрғыны анасымен 55 жылдан кейін қауышты
ашық дереккөзі
Тараз тұрғыны анасымен 55 жылдан кейін қауышты
Qazaqstan ұлттық арнасындағы "Қымбат жандар" бағдарламасында анасы мен қызы 55 жылдан кейін қауышты. Бақытгүл Айменбетова ана құшағынан айырылып, перзентханада қалған. Кейіннен оны перзентханадан бір отбасы асырап алған. Алайда Бақытгүл 20 жасында туған анасы өзінен бас тартқаны туралы құжатты тауып алады. Оның бір арманы - анасын іздеп табу болған. Табылған құжат арқылы деректер іздеуге кіріскен.
"Перзентхананың мұрағаты өртеніп кетті. Бізде нақты деректер қалмады. Тек аты-жөні жазылған және тұрып жатқан мекенжайы көрсетілген. Бірақ ол мекенжайда үй болмады", - дейді ол.
Бағдарлама ұжымы Бақытгүлдің анасын табылғаны туралы қуанышты хабарды жеткізген. Шығыс Қазақстан облысынан Таразға оқуға түсемін деп келген Бақытгүлдің анасы сол жылдары белгісіз біреу зорлап кеткенін айтқан.
"Осынша уақыт өтсе де, шынымды айтсам, есіме де алғым келмейді", - дейді анасы.
Осылайша амалсыздан сәбиін тастап кетуге мәжбүр болған.
"Бірақ іштей қиналып, тілеуін тілеп жүрдім. Бірақ бала бақытты болса екен, жақсы жерден тәрбие алса екен деп ойладым. Қиянат жасаймын деп өзім де ойлаған жоқпын", - дейді Бақытгүл Айменбетованың анасы.
tengrinews
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар