Қоғам
Вице-министр Қазақстанда орташа жалақы - 403 мың теңге екенін айтты
- авторМағжан Орынбасар
- 22 тамыз, 2024
- 403
Ол елімізде ең төменгі жалақыны қанша адам алатынын да атап өтті
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда орташа жалақы 400 мың теңгеден асқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Елімізде ең төменгі шекті 85 мың теңге жалақыны 170 мың адам алады. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасов айтты. Шенеунік жалақы білім деңгейі мен жұмыс сапасына байланысты тағайындалатынын атап өтті.
Бүгінде Ұлттық статистикалық бюроның мәліметі бойынша орташа жалақы 403 мың теңге. Біз мониторинг жүргіземіз. Біздегі мәлімет бойынша 160 мың адам 100 мың теңгедей жалақы алады. Ал 175 мың адам 85 мың теңге көлемінде айлық алады, - деді Сарбасов.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
«Заң және тәртіп»: Жуалыда прокурорлар жастармен кездесу өткізді
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024
Қоғам
Енді мұғалімдерді балағаттағандар қомақты айыппұл арқалайды
- авторjambylinfo.kz
- 18 желтоқсан, 2024