«Вице-премьер ұсталды»: Аида Балаева желіде тараған ақпаратқа қатысты пікір білдірді
- авторМағжан Орынбасар
- 4 қыркүйек, 2025
- 1.2k
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева шенеуніктердің ұсталуы бойынша желіде тараған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Аида Балаева БАҚ пен журналистерді сақтауға тиіс міндеттемелерді орындауға шақырды.
- Кейбір ресми БАҚ пен анонимді телеграм-арналарда мемлекеттік қызметшілердің ұсталуына қатысты расталмаған ақпарат таралуда. Ақпарат таратқанда оның шынайылығын тексеру міндетті. Кінәсіздік презумпциясы қағидасы және журналистік этика бар екенін естен шығармау қажет. Көбіне расталмаған «хайп қуған» деректерге еремін деп, журналистер мұндай мәлімет азаматтарға және олардың жақын туыстарына зиян тигізуі, ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіруі, жала болып шығуы мүмкін екенін есте ұстауы тиіс. Әріптестерді кәсіби БАҚ пен журналистер сақтауға тиіс міндеттемелерді орындауға шақырамын. Сондай-ақ, жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік әрі қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске саламын, - деді министр.
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде мүгедектік рәсімін жеңілдету бойынша сырттай куәландыру көлемі артты
- авторМағжан Орынбасар
- 2 желтоқсан, 2025






