Қоғам
Ырза Тұрсынзада көп балалы аналар мен іскер әйелдер қауымдастығы мүшелерімен кездесті
- авторjambylinfo.kz
- 13 қараша, 2020
- 484
Ырза Тұрсынзада көп балалы аналар мен іскер әйелдер қауымдастығы мүшелерімен кездесті
12 қараша күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Парасаттылық департаментінің басшысы Ғанижан Асанұлы және Агенттік жанынан құрылған Республикалық ақпараттық-ағартушылық штабының жетекшісі Ырза Тұрсынзада көп балалы аналар мен іскер әйелдер қауымдастығы мүшелерімен кездесу өткізді.
«Бақытты отбасы» отбасы орталығында өткен кездесу барысында Ырза Тұрсынзада:
- Жемқорлыққа қарсы тұратын үлкен күш – ұлттың ғасырлар бойы қалыптасқан пейілі, ниеті. Өкінішкке орай ұлттың пейілі, ниеті де тарылып кетті. Жетімін жылатпаған, жесірін жат жұртқа бермеген ұлттық санасы қазір тозып жатыр. Осыған қарсы шыға алатын - қазақ қызының ар-намысы, қазақ анасының пейілі. Әйелден ар кетсе, намыс кетсе, қоғамнан намыс кетеді. Күні-түні еңбек ететін ер азаматтарымыздың рухын асқақтататын - осы әйел қауымы. Олар түзу болса, ер азаматты сен елдің азаматысың деп шығарып салса, ол ел үшін қызмет етеді. Оны көріп отырған бала-шағасы да түзеледі. Соған қарап бой түзейді. Сондықтан бұған әсер ету үшін әйелдің ар-намысын ояту керек, - дейді.
Жалпы орталықта тұрғындарға әлеуметтік қызметтер мен құқықтық кеңестер ұсынады.
«Бақытты отбасы» ғимаратында өткен жиын соңында қатысушылар орталықтың жұмысымен танысты.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала