жексенбі, 22 желтоқсан, 2024 21:45

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жұлдыз Әбдікәрімова шұғыл түрде неврология бөліміне жатып қалды

Жұлдыз Әбдікәрімова шұғыл түрде неврология бөліміне жатып қалды
Сурет: видеодан скриншот
Актрисаны бірнеше жылдан бері бас ауруы мазалайды екен

Әнші Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова ауруханаға түскен. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Актрисаның айтуынша, ол 2016 жылдан бері бас ауруымен күресіп келеді екен. Алайда, кезіндегі коронавирус пандемиясының кесірінен емі үзіліп қалған көрінеді.

«Осыдан екі күн бұрын ауруханадан бірақ шықтым. Қазір ем қабылдап жатырмын. Неврология бөліміндемін. Әзірге дәрігерлер нақты диагноз қойған жоқ. Алдымен, ем алуым керек екен. Қан талдамасын тапсырып қойдым. Ертең МРТ аппаратына түсіреді, сосын бәрі белгілі болады. Сондықтан ауырмаңыздар. Негізі 2016 жылдан бері ем қабылдап келе жатқан едім. Кейін карантиннің салдарынан ем алуды ұмыттым. Әйтпесе, әр алты ай сайын ем алуым тиіс еді. Қазақилыққа салынып, «басымның сақинасы ұстап тұр» деп немесе «шай ішпегеннен шығар», «біреуден сөз есітіп, соның салдарынан шығар» деп немқұрайлық танытамыз. Негізі олай болмайды, бастың жөні бір бөлек екен»,- деген аурухананың төсегіне таңылған актриса.

Оның жанкүйерлері тез сауығып кетуін тілеген.

Бөлісу:
Индира Тәліпқызы
Автор

Индира Тәліпқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар