жұма, 20 қыркүйек, 2024 2:34

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда «Тараз – таза қала» экологиялық акциясы өтті

Жамбылда «Тараз – таза қала» экологиялық акциясы өтті
Сурет: Ашық дереккөзден алынды
Акцияға 100-ге жуық адам қатысып, 300 қап қоқыс жиналған

Пластика қалдықтары зиянды химиялық заттар бөліні анық. Осы мәселеге жол бермеу мақсатында қала тұрғындары, коммуналдық мекемелер, белсенді жастар «Тараз – таза қала» атты облыстық  экологиялық акциясын өткізді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Акцияға қатысушылар Тараз қаласы «Салтанат» ықшам ауданында орналасқан «Жасыл желек» алқабында тазалық жұмыстарын жүргізген. Экологиялық акцияға 100-ге жуық адам қатысып, 300 қап қоқыс жинаған.

«Президенттің бастамасы халық арасында үлкен қолдауға ие болды. Акция біздің қоғамда жастарды, өскелең ұрпақты табиғатты аялауға, қорғауға, тазалықты сақтауға шақыратын үлкен бір идеологиялық жұмыс десе де болады. Бүгін біз экологиялық акцияға Тараз қаласының жастары ретінде қаламыздың таза болуына атсалысып, іс-шараға шығып жатырмыз» - дейді облыс әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры А. Кадралиев.

  

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар