Паралимпиада чемпионы дауыс берді
Елімізден шыққан тұңғыш Паралимпиада чемпионы Зульфия Габидуллина Тараз қаласындағы №464 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады. Мемлекет мақтанышы дауыс беру рәсімінен кейін жүрекжарды лебізін жеткізіп, ел тыныштығын тіледі.
- Бүгінгі сайлаудың мән-маңызы ерек. Себебі біз ел тарихында ерекше орын алар саяси науқанға қатысып отырмыз. Әрбір азамат ерікті түрде дауыс беріп жатыр. Әлемдік пандемияға байланысты сақтық шаралары да күшейтілген. Алайда бұл өз сайлау учаскеме келіп, тез әрі ыңғайлы дауыс беруге еш кедергі келтірген жоқ. Барлықтарыңызды бүгінгі мерекемен құттықтаймын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!, - деді З.Габидуллина.
«Алтын қызымызды» жылы шыраймен қарсы алған сайлау учаскесіне жауаптылар естелік сыйлық тарту етіп, өзінің азаматтық борышына жауапкершілікпен қараған чемпионға алғыстарын білдірді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала