дүйсенбі, 20 мамыр, 2024 8:05

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

«Өзім үшін маңызды, елім үшін маңызды»

«Өзім үшін маңызды, елім үшін маңызды»
ашық дереккөзі
«Өзім үшін маңызды, елім үшін маңызды»
Тараз қаласындағы №45 сайлау учаскесінде де тұрғындардың белсенділігі өте жоғары. Аталған сайлау учаскесінің төрағасы Ерғали Ахметовтің айтуынша, мұнда санитарлық талаптар толық сақталған. Әр екі сағат сайын дезинфекциялау жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар Ерғали Сейлбекұлы сайлау учаскесінде 2837 сайлаушы тіркелгенін айтады. Сайлау учаскесіне халықтың ағылып келуі жамбылдықтардың саяси белсенділігінің айғағындай әсер қалдырды. Өз елінің болашағы үшін таңдауын жасауға келген әрбір тұрғын кезегі келгенде кабинаға қарай өтіп, дауыс берді. Сайлаушылардың қай-қайсысының да айтары елдегі тыныштық пен бірлік, бақуатты тұрмыс жайы. Ал бірінші рет сайлауға қатысып отырған жас отбасы Қайсар Қырғызалиев пен Альбина Әбілдә бұл күн өз өмірлеріндегі ең бақытты сәт екенін жеткізді. – Мен бүгін дауысымды өзім таңдаған партия мен үміткерге бердім. Жалпы, демократиялық бағыт ұстанған қоғамда өмір сүріп отырғандықтан, сайлау учаскесіне барып, дауыс беру әрбір қазақстандықтың азаматтық борышы деп білем. Себебі өзіміз үшін маңызды, еліміз үшін маңызды, дейді Қ.Қырғызалиев.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар