Сайлау – 2022
Тоқаевтың қоғамдық штабының мүшелері Алматы тұрғындарымен бірқатар кездесу өткізді
- авторjambylinfo.kz
- 18 қараша, 2022
- 281
Тоқаевтың қоғамдық штабының мүшелері Алматы тұрғындарымен бірқатар кездесу өткізді
Алматы қаласында өткен сайлаушылармен кездесуде Республикалық қоғамдық штабтың басшысы Ерлан Қошанов сайлау науқаны басталғаннан бері еліміздің барлық өңірінде 20 мыңнан астам үгіт-насихат іс-шарасы өткенін атап өтті.
Алматыда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жатақханаларының бірінде студенттермен өткен кездесу барысында штаб мүшелері кандидаттың жастар саясатын жетілдіру жөніндегі басымдықтарына назар аударды. Бұдан соң Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақтастары саясаттанушылармен және сарапшылармен сайлауалды бағдарламаны талқылады.
Осы күні кездесу өтіп, оның барысында РҚШ мүшелері шағын және орта бизнес өкілдерімен, зиялы қауыммен кездесу өткізді.
Естеріңізге сала кетейік, сайлау алдындағы үгіт-насихат 2022 жылғы 21 қазанда басталды және сайлаудан бір күн бұрын, яғни 19 қарашада аяқталады. 19 қараша – республика бойынша тыныштық күні. Ал 20 қарашада президент сайлауы өтеді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала