Ғалымдар әкелердің миы алғашқы баласына қалай реакция беретінін анықтады
- авторБақытжан Бекболат
- 28 тамыз, 2025
- 921
АҚШ-тың Солтүстік және Оңтүстік Каролина университеттерінің ғалымдары әкелерге тәжірибе жүргізіп, олардың миында өз баласының бейнежазбасын көрген сәтте ерекше процестер жүретінін анықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бұл өзгерістер бейтаныс сәбиді немесе жүкті жарын көргендегі реакциядан өзгеше болды.
Әкенің миы өз баласына бейімделеді – осының арқасында адам сәбиімен психологиялық байланыс орнатып, оның қажеттіліктерін өтеуге дайындалады. Зерттеу нәтижелері Human Brain Mapping журналында жарияланды.
Зерттеу үшін ғалымдар алғаш рет әке атанған 32 ер адамды таңдады. Бала туғаннан кейін шамамен сегіз ай өткен соң қатысушыларға функционалды МРТ жасалды. Сол кезде оларға өз баласының, бейтаныс баланың, жүкті жарларының немесе бейтаныс жүкті әйелдің видеосы көрсетілді. Сонымен қатар әкелер жүктілік кезіндегі баламен байланысын, босанғаннан кейінгі қатынасын, ата-аналық күйзелісін және сәбиімен жақындасудағы қиындықтарын бағалайтын сауалнаманы толтырды.
Зерттеу нәтижесінде мыналар белгілі болды:
әкелердің өз баласын көргенде миының кейбір аймақтарында белсенділік жоғары болды. Олар – әлеуметтік таным мен өзіндік санаға жауапты предклинье мен артқы белдеу қыртысы, эмоция мен марапатталуға қатысты орбитофронталды қыртыс және төменгі маңдай иірімі;
бала мен жардың видеосын салыстырғанда, әкенің миы сәбидің бейнесіне көбірек әсер етті. Бұл ми баладан келетін сигналдарға ерекше бейім екенін көрсетті;
ми белсенділігінің артуы әке мен бала арасындағы психологиялық байланыстың беріктігімен тікелей байланысты болды;
әкенің баламен бірге өткізген уақыты ми реакциясына әсер етпеді;
өз баласына берілген ми жауабы бейтаныс сәби немесе серігінің баласына қарағанда күштірек болды. Оның деңгейі әкенің сәбиіне қаншалықты берілгеніне және алғашқы айларда қаншалықты күйзеліс көргеніне байланысты болды.
Ғалымдардың түйінінше, бұл нәтижелер аналарға қатысты мәліметтермен үндес болғанымен, әкелердің реакциясы ерекше аймақтарда шоғырланған. Ол – басқа адамның ойы мен сезімін түсінуге жауапты жүйелер. Бұл әкенің әлі сөйлей алмайтын сәбиінің ишарасын, белгісін ұғынуды үйренетінін айқындайды.
Ұқсас жаңалықтар
«Ақырзаман жақындады»: Ғалымдар тосын мәлімдеме жасады
- авторБақытжан Бекболат
- 20 қазан, 2025






